«Барыс» «Сочиден» ірі есеппен жеңілді

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда «Сочимен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында айдын иелері 5:2 есебімен еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Елордалық команда бірінші және үшінші периодта 2:0 есебімен жеңіліп, екінші периодта 1:2 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, осы кездесуден кейін «Барыс» 28 ойында 24 ғана ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орында тұр.