Регбиден Азия чемпионаты: Қазақстан Қытайдан жеңілді

Регбиден Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы кезекті матчын өткізді деп жазады Olympic.kz. 

Өкінішке орай, Қазақстан командасы Қытайға 19:24 есебімен жол берді. 

Кешегі жарыс күнінде жерлестеріміз Филиппинде 48:0 есебімен ұтқан болатын.