«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері болып Александр Макрицкий тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Маманмен келісімшарт маусымның соңына дейін жасалды. Александр Макрицкий бапкерлік мансабын 2012 жылы «Динамо-Шинник» командасында бас бапкердің ассистенті болып бастады. 2014 жылы Нижнегородтың «Торпедосында» бапкердің ассистенті ретінде қызметіне кірісті. Одан кейін Новосібірдің «Сибирінде» тәжірибе жинақтады. 50 жастағы маманның соңғы жұмыс орны Беларусьтің «Юность» клубы болды. Ол клубтан 2021 жылдың қаңтарында кетті.