Қазақстандық клуб волейболдан әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады

Анкарада әйелдер кәсіпқой клубтары арасында волейболдан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан турнирді жеңіліспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы ойында өскемендік «Алтай» клубы бразилиялық «Minas Tenis Club» клубымен кездесті. Жекпе-жек 0:3 (20:25, 22:25, 18:25) есебімен қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, волейболдан әлемдік додаға Алтайымен бірге тағы бес клуб шықты. Олар италиялық Карраро Имоко Конеглиано, Түркиядан ВакифБанк Стамбул және Фенербахче Опет Стамбул, сондай-ақ бразилиялық Minas Tênis Clube және Dentil Praia Clube командалары.