Қазақстандық боксшылар Мәскеуде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшылар Мәскеудегі бокс кешінде өнер көрсетіп, жеңіске тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Хабар 24 Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бек Нұрмағанбет 42 жастағы колумбиялық Хосе Мигель Торреспен кездесті және оны алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберді.

Айта кетсек, Б.Нұрмағанбет суперорта салмақта WBA International чемпионы. Ал әуесқой бокста Азия чемпионатының жеңімпазы атанған. Евгений Павлов венесуэлалық боксшы Эдиксон Переспен 8 раундтық жекпе-жек өткізді. Кездесу соңына дейін жалғасты және төрешілердің бірауызды шешімімен Е.Павловтың пайдасына аяқталды.

Сонымен Евгений де екінші аса жеңіл салмақта WBA International титулына ие. Бұдан бөлек, төрешілердің бірауыздан қолдауымен супер ауыр салмақтағы Данила Семенов жеңіске жетті. Ол «Покемон» лақап атымен танымал аргентиналық Пабло Фариастан айласын асырды. Қазақстандық спортшы оппоненттің желкесінен соққы жасағандықтан, төрешілер одан 1 балды шегерді. Бірақ бұл оның жеңіске жетуіне кедергі болмады.