Белгілі ММА боксшысы оқыстан көз жұмды

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін 28 жастағы америкалық Джесси Генри оқыстан көз жұмды,  деп хабарлайды Vesti.kz KSLA News басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Джесси өрт сөндіру көлігінің дөңгелегімен жұмыс істеп жатқанда болған. 

Дөңгелек аяқ асты жарылып, Генри бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда басынан алған жарақат ауыр болып, қайтыс болды. 

Генри – бұрынғы әскери, АҚШ әсrерінде төрт жыл қызмет атқарған. Кейінгі төрт жыл өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. Аралас жекпе-жекте кәсіпқой түрде биыл қарашада American Kombat Alliance промоушенінде бір жекпе-жек өткізді. Оған дейін екі рет жеңіп, екі рет жеңілген екен.