Бибісара Асаубаеваны марапаттау сәтінің видеосы жарияланды

17 жастағы қазақстандық шахматшы 30 желтоқсан күні Польшада өткен әлем чемпионатында блиц-турнирдің жеңімпазы атанды.

Ал 28 желтоқсанда дәл осы байқауда рапид бойынша Бибісара Асаубаева күміс жүлдегер атанған еді.

«Қазақстанның әнұраны. Мен блицтен әйелдер арасында чемпион атандым. Қазақстандықтар, жаңа жыл құтты болсын! Жылды дәл осылай аяқтауларыңызды тілеймін», – деп жазды Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында.

https://www.instagram.com/tv/CYJB8bUFBjM/?utm_source=ig_web_copy_link