Альберттің өліміне Бақыт Ахметовтің қатысы жоқ – Ауыр атлетика федерациясы

Бұрынғы бас бапкер өз міндетне 2020 жылы кірісті.

Ал Альберт Линдер үлкен спортпен одан 2 жыл бұрын қоштасқан. Ауыр атлетика федерациясы саладағы былықтарға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ол жерде Альберт Линдердің қазасына қатысты тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтылғаны айтылған. Ал Альберттің жеке жаттықтырушысы Сергей Седов қазір ұлттық құрамада жұмыс істемейді. Сонымен қатар енді ерлер құрамасынан бөлек, қыздар құрамасы бөлек дайындалатыны белгілі болды. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, осындай шешім қабылданған.  Сәйкесінше, олимпиадалық комитет пен жауапты министрлікке ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы ретінде Дәурен Бекмұханбетовты, ал қыздарға Иван Сивохинді тағайындау туралы қолдаухат жолданды.

Фристайл-могулдан әлем кубогы: Галышева іріктеуден сәтті өтті

Американың Дир-Вэлли аймағында фристайл-могулдан әлем кубогы өтіп жатыр. Оған қатысушылардың арасында жерлестеріміз де бар. Әсіресе, Юлия Галышева өз тапсырмасын ойдағыдай орындап, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ол іріктеу кезеңінде 68,13 жинады және жалпы есепте 14-сатыға тұрақтады. Ал финалға алдыңғы 16 спортшы өтеді. Тағы бір қазақстандық Аяулым Әміренова жарыс қорытындысы бойынша 28-орынға жайғасты. Ал ең үздік көрсеткіш Энтони Джакарада. Австралиялық спортшы 74,76 ұпай еншіледі. Айта кетейік, осы бәсекелер нәтижесінде олимпиада жолдамалары таратылады. Бейжіңдегі қысқы ойындар бірер аптадан кейін, яғни ақпанның 4-інде басталады.