Теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы турнирдің финалына дейін жетті

Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша ерлер арасында M25 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалда әлемнің 408-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, өзбекстандық Сергей Фомин дүниежүзілік рейтингіде 473-сатыда тұрған қазақстандық Бейбіт Жукаевпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда өзбекстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Б.Жукаев есе қайырды – 6:2. Дегенмен үшінші, шешуші партияда өзбекстандық спортшы жеңіп кетті – 6:4. Осылайша, Ақтау теннис мектебінің түлегі елордадағы жарыстың финалына дейін жетті.