КХЛ: «Барыс» командасы «Тракторды» жеңді

КХЛ: «Барыс» командасы «Тракторды» жеңді

Астаналық "Барыс" Владивостокта басталған жеңілістер сериясын сырт айдында үзді.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында елордалық клуб Челябинскте жергілікті команда "Трактормен" кездесіп, овертаймда жеңіске жетті. Үшінші таймның 2-минутында Антон Сағадеев шайба соқты. Араға бір минут салып, Александр Борисевич есепті еселеді. Бірақ ойын соңында айдын иелері қақпасына соғылған 2 голды жауапсыз қалдырмай, таразы басын теңестіре алды. Алайда сәттілік астаналықтардың жағында болды. Овертаймда Никита Михайлис шайба салып, елордалық командаға жеңіс сыйлады. Еске сала кеткен жөн, "Барыс" 21-қаңтарда сырт айдында екатеринбургтік "Автомобилистпен" кездеседі.

Сондай-ақ...