352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. 2050 жылға қарай адамдар ластанған салқындатқыштардан зиян шегуі мүмкін

  • 77

2050 жылға таман адамдар ластанған салқындатқыштардан зиян шегуі мүмкін. Мэдисондағы (АҚШ) Висконсин университетінің ғалымдары осындай ұйғарымға келіп отыр,- деп жазады Science Alert басылымы. Зерттеушілердің дерегінше, жаһандық жылынудың салдарынан кондиционерлердің көмегіне жүгінер адамдардың қатары көбейеді. Ал бұл қуат өнеркәсібіне салмақ салады. Салқындатқыштар жаппай пайдаланылғаннан кейін, атмосфераға шығарылар газдар мен аэрозольдің көлемі артады. Мұның соңы ауаның ластануына әкеліп соғады.

Хабар 24 телеарнасы