352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: 4 шілдеде өтетін мерекелік іс-шаралар

  • Read 434 times
Астанаға 20 жыл: 4 шілдеде өтетін мерекелік іс-шаралар astanaday.kz

Астаналық циркте «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі басталады. 6 шілдеге дейін жалғасатын екі конкурстық бағдарламада әлемнің 12 мемлекетінен келген 60-тан аса цирк артисі өнер көрсетеді.

«Нұржол» желекжолында елордалық «ASTANA AROUNDUS» фотоөнер фестивалі ашылады. Қатысушылардың еңбектерін 31 шілдеге дейін көруге болады.

Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатр сахнасында «Серпер» оркестрлер фестивалінің-халықаралық шеруінің ашылуы өтеді.

«Астана» концерт залының жазғы сахнасында IX «Астана самалы» халықаралық үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалінің ашылуы өтеді. Биыл оған 7 ұжым қатысады, оның ішінде Барнаул мен Новосібірден келген қонақтар бар.

Елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда «Дабыл» тобы «Құттықтаймыз, Aстана!» атты концерт көпшілік назарына ұсынады.

XI «Астана Арқау» халықаралық түркі музыкасы фестивалінің шымылдығы ашылады. Фестиваль бағдарламасында барлық түркі халықтарының музыкасы орындалады. Аутентикалық (түпнұсқалық) музыканы сүйіп тыңдайтындар бақсы әндерін, хомусқа арналған виртуоздық композицияларды, кеңірдекпен айтылған әндерді, Орталық Азия және Қазақстанның, Закавказье мен Анатолиидің, Поволжье мен Сібірдің түркі халықтарының лирикалық әндерін тыңдайды. Артистер 4 және 5 шілде күндері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында өнер көрсетеді.

Кешке «Барыс Арена» мұзайдын сарайында алғаш рет «Еуразия кубогы» халықаралық көңілділер және тапқырлар клубының ойыны өтеді. КВН жоғары лигасына қатысушы 7 команда бас жүлдені сарапқа салады: «РУДН», «Союз», «Борцы», «Раисы», «Плюшки», «Русская дорога», «Спарта Номад». Сонымен қатар шараға КВН премьер-лигасында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүрген «Қорғалжын құрамасы» командасы да қатысады. Әзіл-сықақ кешінің жүргізушісі кіші Александр Масляков.

Мұнымен қоса, «Назар аудар» театры да Nomad city hall сарайында өтетін әзіл-сықақ кешіне шақырады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы