363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция елімізбен арадағы ынтымақты жоғары бағалайды

  • Read 131 times
  • Media
Франция елімізбен арадағы ынтымақты жоғары бағалайды

Франция Астананың 20 жылдығына өз құттықтауын жолдады. Француздар Қазақстанмен және Астанамен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалайды.

Мемлекет басшысы Эммануэль Макрон жыл соңына дейін Қазақстанға ресми сапармен келуді жоспарлап отыр.

Астана мен Париж, Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл. Екіжақты стратегиялық әріптестікке де 10 жыл. Сол себепті де қос мемлекет Астананың 20 жылдығын айрықша  атап өтпек.

Юг Фанту, Францияның СІМ департаменті директорының орынбасары:

- Қазақстан - соңғы 10 жыл ішіндегі Францияның сенімді  стратегиялық әріптесі. Біз екі елдің билігі жоғары деңгейдегі сапалы диалогқа қол жеткізген, барлық салада мызғымас ынтымақтастық орнатқан елміз. Мен Қазақстан халқын және Астана тұрғындарын осы бір әдемі  әрі жас қаланың 20 жылдығымен құттықтаймын. Астана - бірегей кескін-келбет, салт-дәстүр және жаңа технологиялардың бір арнада тоғысқан үлгісі. Осы орайда бас қаланы туған күнімен құттықтаймын. 

Франция Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің арасында бесінші орында. Және  Бесінші Республика компаниялары біздің еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың қатарына кіреді. Соңғы бес жыл ішінде тартылған  капитал  14 милиард долларды құраса, мемлекеттер арасындағы тауарайналымы 43 миллиард долларға жеткен. Қазақстанда және Астанада 170-ке жуық француз компаниялары жұмыс істейді.

Эммануэль Дюпуи, «IPSЕ» институтының президенті / Париж қаласы/:

- Франция мен оның компаниялары бүгінгі таңда тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, одан тыс жерлерге де кеңінен танымал. Бұл еуразиялық интеграция мен ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асуда, өйткені, Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» мега-жобасындағы алғашқы ел. Сондай-ақ ол ЕЭО-тың, ШЫҰ-ның құрамына кіреді. Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі экономиканың дамуында жасыл энергетиканың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мен шын жүректен Астананы мерейтоймен құттықтап, оған жарқын болашақ пен  бақыт тілеймін!

Француз саясаткерлері мен бизнесмендері тұрақты, бизнеске қолайлы Астанамен энергетика, цифрландыру, мәдениет пен білім саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Франция биылғы жылы қазақстандық докторанттардың шәкіртақысын өсірді, бұл олардың ары қарайғы ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғанының дәлелі екенін айғақтайды.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы