USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Нұрсұлтан Назарбаев: Біз Қазақстанды ЕХРО көрмесі арқылы дүйім дүниеге танымал еттік

  • 235
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Нұрсұлтан Назарбаев: Біз Қазақстанды ЕХРО көрмесі арқылы дүйім дүниеге танымал еттік Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Баспасөз мәслихатында Астанада өткен ЕХРО көрмесінен бастап Сириядағы ахуалға дейінгі мәні зор мәселелер тақырыпқа тамызық болды. ЕХРО көрмесінің елімізге теңдессіз ғылыми серпіліс әкелгенін атап айтқан Елбасы айтулы шара аяқталғанымен, ондағы ғимараттар ел игілігіне қызмет ететінін жеткізді.

Ақордадағы бұл жиынның мәні мен сәні бөлек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы шетелдік мәртебелі меймандармен емес, отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Бас қаламыздың басты арналарымен қатар мерзімді баспасөз өкілдері толығымен жиналып, ұлт Көшбасшысына көкейдегі  кез келген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Бір сағаттан астам уақытқа созылған мәні мен мағынасы бөлек бұл басқосуда саясаттан бастап еліміздің ертеңіне дейінгі тақырыптар тілге тиек етілді. Әрине, тілшілер қауымын толғандырған басты сұрақ күллі әлем көз тіккен ЕХРО көрмесі еді. Президент бұл орайда: «біз Қазақстанды ЕХРО көрмесі арқылы дүйім дүниеге танымал еттік» деп, шараға 4 млн-ға жуық адам келгенін атап өтті. Шарапаты мол шараға 1400 қазақстандық компания қатысып, қаншама жұмыс орны ашылған. Ресми статистикаға сүйенсек, ЕХРО көрмесіне 185 елдің адамдары табан тіреді. Елбасы осы орайда көрмеден кейін де арнайы тұрғызылған ғимараттар ел иігілігіне қызмет ететінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Көрме бітті. Дегенмен қалған ғимараттар бекер қалмайды. Біздің павильонымыз – үлкен шар қалады. Музей ретінде. Екі павильон Қазақстанның қаржы орталығы болады. Бір павильонда Қазақстанның көрмесі болады. Тағы бір нысанда жастарға, ғалымдарға жаңалықтар ашу үшін ІТ-стартаптар технопаркі құрылады. Бір павильонында кішкентай балаларды жұмысқа, білімге тәрбиелейтін тәжірибе бар. Балаларды мамандыққа тәрбиелейді.

Бұл ретте бірнеше күн қатарынан қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі де жан-жақты қаузалды. Президетке өз ойын білдірген «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы бүгінде латын әліпбиіне өту заман талабы екенін жеткізіп, бастаманың ендігі бағыты қандай болатынын сұрады.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы:

- Аса мәртебелі Елбасы, сіздің «Егемен Қазақстанда» жарық көрген рухани жаңғыруға бастайтын бағдарламалық мақалаңыздан кейін аса ауқымды істер жүзеге асып жатыр. Соның бірі – әліпби өзгерту мәселесі, сананы сілкіндіретін, қоғамды өзгеріске бастайтын, мәңгілік ел мұратын орнықтыратын тарихи тағдыршешті осы жобада нақты қадам жасалды. Жұртшылыққа әліпбидің жобасы ұсынылды. Қазір қоғам қызу талқылап жатыр. Парламентте тыңдау өтті. Көкейдегі сауал келесі қадам қалай болмақ?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өзің қолдайсың ғой соны?

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы:

- Әрине қолдаймыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өткенде көрсеткен әліппені қоғам қолдап жатыр ма? Бәрі дұрыс па?

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы:

- Қазір қоғам қолдап жатыр. Мұның артықшылықтары жайлы әртүрлі ойлар айтылып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Маған кеше біреу айтты. Интернетте жүр деп. Сәбіз деген сөзде ә әрпін қалай айтамыз деп. Ә а жанында е секілді екі әріптен тұрады. Француз тілінде бір сөзді айту үшін 10 әріп керек. Сондықтан ол дұрыс емес. Латынның екі қарпі біздің бір дыбысты беретін болса, соны айту керек.

Я предложил обсудить в Парламенте. Парламент обсудил. Высказались все замечания, детали, когда будет консенсус, историки придут к согласию, тогда я объявлю о новом алфавите. Это не значит, что завтра алфавит начнет работать. Кириллица продолжит свою роль играть, на этом языке написано много произведений. Те, кто пользуется кириллицей, могут не волноваться. Нам надо готовить преподавателей. По моим данным, к 2022 году с первого класса начнется преподавание на латинском алфавите. Дети начнут учиться, думаю, быстро произойдет. Дети учат английский, а он на латинице.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Сириядағы сергелдеңге де тоқталды. Босқындары әлем елдерін босып кеткен бұл елдегі жағдайды тұрақтандыру жолында бұл күндері Астанада келіссөздер ұйымдастырылған. Президент соңғы жылдары аймақтардан 5 млн адам босып кеткенін тілге тиек етіп, 186 мың адамның жазықсыз мерт болғанына қынжылды. Әлемдік тарихтың ең әйгілі ескерткіштері қираған бұл ел «алтау ала болса, ауыздағы кететінін» аңғартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Идут Женевские переговоры, там участвует много государств. Они зашли в какое-то время в тупик, тогда Иран, Россия, Турция и другие страны обратились ко мне, поскольку страна, которая имеет равные хорошие отношения со всеми, никакой «изжоги» Казахстан ни у кого не вызывает, нельзя ли использовать площадку для проведения переговоров. Мы дали согласие. Идут эти переговоры. Мы выступаем за мирное разрешение вопросов. Я думаю, там еще до мира далеко. Но каждая страна по мере своих сил и возможностей должна способствовать этому, и мы делаем свою часть работы. Я думаю, мы должны продолжать эту работу.

За последние годы из этого региона 5 млн беженцев, 180 тыс. человек убиты. Спрашивается, за что? Вот почему мы в Казахстане ценим политическую стабильность. У них разрушены величайшие памятники мировой истории и культуры. За какие грехи это?

Мы выступаем за мирное разрешение вопросов. Я думаю, там еще до мира далеко. Но каждая страна, по мере своих сил и возможностей должна способствовать этому, и мы делаем свою часть работы. Я думаю, мы должны продолжать эту работу.

Президент осы орайда Солтүстік Кореяның құйтырқы әрекеттеріне тоқталып, бұл жайтқа Қазақстан немқұрайлы қарамайтынын алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Проблема эта всем ясна и понятна. Северная Корея, несмотря ни на что, развивает ядерные технологии, средство доставки ядерного оружия на дальние расстояния. Естественно, всё это беспокоит всех нас, в том числе Казахстан. Если на основе этого, не дай бог, будет нападение на Северную Корею, а такие предположения уже высказывались, и начнётся использование ядерного оружия, то всем нам мало не покажется. Это повлияет на всё человечество, на всю атмосферу, тем более Корея находится в Азии. Ничего хорошего из этого не следует. Поэтому мы будем придерживаться традиции, что надо вести диалог. Сейчас идёт нажим на Северную Корею, и это правильно. Надо её принудить сесть за стол переговоров и отказаться от ядерного вооружения.

Бүгінде көптің көңілін күпті еткен тағы бір мәселе – теңгенің құнсыздануы жайында әңгіме өрбіді. Президент осы орайда девальвацияның белең алуына негіз жоқ екенін де атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Никаких предпосылок для возможной девальвации тенге в октябре-ноябре, по крайней мере, сейчас для этого нет. Свободно плавающий курс тенге – правильный. Если жестко его привязать, то придется тратить государственные деньги. Во всем мире так. Конечно, если резкие колебания будут, как было упали цены, рубль упал. Сегодня таких предпосылок нет. Нефть 52-55 долларов стоит устойчиво. Люди привыкают, и привязывать не надо.

Сондай-ақ Елбасы еліміздің бүгінгі батыры, талай тарланның апшысын қуырған Генадий Головкиннің әр кездесуін жіті тамашалайтынын да тілге тиек етіп, қашан да оған қолдау білдіретінін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Такое событие для казахстанцев. Это собирает всех у телевизоров. Наш земляк GGG гремит! Эта встреча очень важна, мексиканец Альварес очень знаменитый человек тоже, боксер высшего класса. Но этот поединок дает возможность, при условиях победы, а мы верим, что победит наш Головкин, он станет королем профессионального бокса в среднем весе. Окажется наравне с Мохаммедом Али, Тайсоном. Это для него очень важно. Давайте все пожелаем ему больших успехов. Я буду смотреть, даже несмотря на то, что я буду с визитом в это время.

Нұрсұлтан Назарбаев жуырда АҚШ Президенті Дональд Трамппен болған әңгіменің мән-жайына тоқталып, үзеңгілесінің ұстанымын жеткізді. Президент алпауыт елдерде белең алып отырған санкциялардың салқыны Қазақстанға тимейтінін жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы говорили прежде всего о казахстанско-американских отношениях. Я ему напомнил, что компании США вложили в Казахстан более 40 млрд долларов. У нас работает более 500 компаний – крупнейшие компании Америки и мира: ExxonMobil, Shevron и так далее. Просил, чтобы санкции, которые сейчас идут, не повлияли на работу этих компаний. Причём он заверил, что Казахстана это не касается. И подтвердил, что США с Казахстаном заинтересованы развивать отношения дальше.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде елімізде жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бөлігі жастарға арналғанын айтты. «Себебі келешегіміздің кемел болуы да бүгінгі буынға тікелей байланысты, деді Президент. - Демек түрлі ағымның жетегінде кетіп, жағымсыз жайттарға тап болғанша, білімге бет бұрып, Отан үшін от кешуге дайын болу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Оны біз айтып жүрміз. «Рухани жаңғыру» мәселесінің ішіндегі көбісі жастарға арналған. Болашақтың мәселесі. Сондықтан жастарға айтатыным, бүгінгі заманда білім керек, ғылым керек. Тек сауатты ел, білімге ұмтылған ел алдыңғы қатарлы ел болады. Жастарға айтатыным, өзімізде де оқытамыз, ішімізде де мектептерге көңіл бөліп жатырмыз. Интеллектуалдық мектеп, жаңадан университет, жаңадан салып жатқан мектептерімізге қаражатты да, бәрін көбейте беруіміз керек. Сондықтан, ең бірінші, білім, екінші, Қазақстанның жастары үшін отансүйгіштікті тәрбиелеу керек. Тәуелсіз Қазақстанды қолда ұстап тұру үшін Отанын сүю керек. Бұл Қазақстан жастардың Қазақстаны, одан кейінгі ғасырлардың Қазақстаны. Осы біз орнатқан тәуелсіздікті, мемлекетті абыройлы, дүниежүзінің алдында мықты етіп ұстау үшін Қазақстанды жанындай сүю керек. Үшінші, дүниеде неше түрлі ағымдар бар. Қақтығыстар болып жатыр. Олар әр жерден жастарды шақырып, ақша беріп соғыстырып жатыр.

Болашақ – білімде. Болашақ – өнерде. Болашақ – еліміздің амандығында, тыныштығында. Бір адам бақытты болуы үшін елі бақытты болуы керек. Бір адам тыныш өмір сүруі үшін елі тыныш болуы керек. 

Бір жарым сағатқа жуық созылған баспасөз маслихатында 100-ге жуық тілші Президентке жеке дара тікелей сұрақ қойып, өзекті де қажетті ақпаратын алып тарқасты. 

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top