USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Н.Назарбаев пен В.Путин екіжақты кездесу өткізді

  • 241
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Н.Назарбаев пен В.Путин екіжақты кездесу өткізді Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Владимир Путинмен кездесті. Қазақстан мен Ресей президенттері кешегі өткен саммиттерді қорытындылап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін пысықтады. Биыл қос ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына 25 жыл. Бұл кезеңде байланыс барлық бағытта бекемдеп, стратегиялық деңгейге шықты. Биыл екі ел арасында сауда-саттық қарқын алды. Былтыр 16 пайызға бәсеңдеген тауар айналым үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айында 40%-ға өсім көрсетті.

Жалпы Астана мен Мәскеу жыл сайын аймақаралық ынтымақтастық форумдарын өткізеді. Адам капиталын дамытуға арналған 14-кездесу 9 қараша күні Челябинск қаласында көшбасшылардың қатысуымен өтпек. Нұрсұлтан Назарбаев әріптестіктің ЕАЭО аясында да шарқын алып келетінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 За этот год взаимная торговля выросла на 33%, то есть на треть. По всем направлениям экономики создаются новые совместные предприятия, совместные инвестиции. Если кто-то критиковал наш Евразийский союз, падения в соответствии с конъюнктурой, сейчас доказывает, что открыты границы, открытое общение людей, открытый переход капитала, инвестиции, дает плоды обеим странам.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

– Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы жан-жақты қарқын алып келеді. Саяси, қауіпсіздік, экономика саласындағы аяқ алысымыз жаман емес. Мен сізбен осы тақырыптар жөнінде сөйлесуге мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын және бұл кездесудің өзіндік оң әсері боларына сенімдімін. Біз сізбен қашанда жиі кездесіп тұрамыз, оған қазіргі факторлар себеп. Қоян-қолтық араласуымыз қос елдің байланысын одан ары дамытуға пәрмен беретіндігіне еш күмәнім жоқ. Осындай мүмкіндік үшін мен сізге кезекті рет алғысымды білдіремін.

Н.Назарбаев пен В.Путин Германия іскерлерімен кездесті

Қазақстан мен Ресей басшылары Германия іскерлерімен өткен кездесуге де қатысты. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты осы жиынға арнайы шақырды. Бұл неміс бизнесмендерімен әріптестікті кеңейтудің мүмкіндігі. Жиынға Германияның ең ірі компанияларының өкілдері келді. Олардың бір сыпырасы қазақ елімен жақын байланыста. Бұл елмен тариxи сабақтастықтың тамыры тереңде жатыр. Бүгінде Қазақстанда 100 мыңнан астам неміс диаспорасы тұруда. Инвестициялық әріптестікке келер болсақ, осы күнге шейін Германия біздің елге 5 млрд теңге қаржы құйған. 19 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты. Президент қазақ-неміс қатынастарының қарқынын күшейтіп, Астана xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды. Ол үшін Қазақстанда бизнесмендерге жан-жақты жағдай жасалған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Казахстан сегодня предоставляет новые возможности, огромный потенциал для выгодного ведения бизнеса. Во-первых, обеспечивается защита прав бизнеса и либерализуется законодательство в сфере предпринимательства. В прошлом году мы заняли 35 место в рейтинге Всемирного банка. В начале текущего года Казахстан стал ассоциированным членом Комитета по инвестициям ОЭСР и присоединился к Декларации международных инвестиций. Для 61 страны, в том числе Германии, введен безвизовый режим. Приглашаем немецкие компании к активному сотрудничеству в реализации проекта. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top