361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте Қазақстан мен ДҚҚДБ арасында займ беру туралы келісімінің заң жобасы қаралуда

  • 349

Парламентте Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Мәжіліс қабырғасында талқыланып жатқан басты мәселелердің бірі – Қазақстан мен Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің арасында займ беру туралы келісімінің заң жобасы. Бұл құжатқа сәйкес, банк еліміздегі орта білім беру саласына 67 миллион доллар құюға ниетті. Нәтижесінде, 2,5 миллион бала сапалы білім алуы тиіс.

Әсіресе ауылды аймақтардағы мектептердегі оқу деңгейін көтеруге назар аударылады. Жобаға барлығы 5 мың білім ордасы қатысады деген жоспар бар. Оның аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен  мектептің материалдық техникалық әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Бағдарлама 5 жылға арналған. Яғни жоба келер жылы бастау алып, 2022 жылы аяқталады. Қазақстан бұл займды 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылдан бері банк елімізде құны 8 миллиард долларды құрайтын 45 жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Сондай-ақ алдағы сағаттарда теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі, Әзербайжан елімен халықаралық  автокөлік қатынасы және Үндістан мемлекетімен салық салу түйткілдеріне тоқталады деп жоспарланып отыр.

Авторы: Дариға Тәшенова

Хабар 24 телеарнасы