USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

ҚР СІМ: Апатқа ұшыраған Ан-148 бортында қазақстандықтар болған жоқ

  • 370
<span class=favorites>ҚР СІМ: Апатқа ұшыраған Ан-148 бортында қазақстандықтар болған жоқ</span>

11 ақпан күні Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, Ресейдің Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ. Ресейдегі біздің дипломаттар жергілікті қызметтермен ұдайы байланысып отыр және жағдайды бақылауды жалғастыруда. Әуе апатында қаза болған барша жандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасына.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде