352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының келесі кездесуі Өзбекстанда өтеді

  • 327

Келер жылы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алқалы жиыны Өзбекстанда өтеді. Бұл туралы Астанадағы Мемлекет басшыларының кездесуінде айтылды.

Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,  Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Меджлис төрайымы Акджа Нурбердыева ханым қатысты. Ал басқосу соңында қазақ көшбасшысы журналистерге баспасөз конференциясын өткізіп, шуақты Наурыз мерекесін орай Орталық Азия президенттерінің бірлескен мәлімдемесін тілге тиек етті.  

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

- Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары  халықаралық саммиттер мен алқалы жиындарда тұрақты түрде кездесіп тұрады. Бірақ нақты аймақтағы мәселелерді талқылайтын мұндай басқосу  күнде бола бермейді. Сондықтан бұл жиын тек отандық қана емес шетелдік ақпарат құралдарының да басты назарында. Журналистер президенттердің әрбір сөзіне құлақ түрсе, телеоператорлар әрбір сәтті қалт жібермей түсіріп әлек.

Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Президенттердің Ақордаға арнайы келгеніне қарап, бұл жиынның салмағын аңғаруға болады. Орталық Азия көшбасшылары соңғы рет осыдан 9 жыл бұрын кездескен болатын. Міне бүгін араға жылдар салып, шығыс халқына ортақ әз-Наурыз қарсаңында қазақ жерінде бас қосты. Елбасы әріптестерін құшақ жая қарсы алып, алдымен қырғыз басшысымен екеуара кездесті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респбуликасының Президенті:

- Қазақстанға қош келдіңіздер. Шын көңілмен қабылдап жатырмыз. Болып жатқан жұмыстардың барлығын қарап отырмыз. Екеуіміз кездескеннен кейінгі келісілген мәселелердің барлығы шешіліп жатыр. «Жол картамыз» бар. Сауда-саттық жақсы болып жатыр. Оның бәрі болашақта да дұрыс болады деп есептейміз. 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

- Орталық Азия мемлекеттері басшыларын шақырып, Астанада жылы қабылдап жатқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Өзіңіз айтқандай, біздің елдеріміздің мақсаты ортақ. Капитал, инвестиция, еңбек жұмысшылары секілді мәселелер бүгінде бірлесе атқарған жұмыстардың арқасында шешімін тауып жатыр.

Бауырлас тағы бір ел Өзбекстан. Соңғы жылдары өзбек ағайындыларымен арадағы алыс-беріс артты. Былтыр сауда айналымы 2 млрд долларға жетті. Бұған шекарадағы кедергілер жойылып, теміржол тасымалының ұлғаюы ықпал еткен. Бірақ, жеткен жетістікке тоқмейілсімей, сауда-саттықты 5 млрд долларға арттырып, арада дорба емес жорға жүретіндей деңгейге жеткізу міндеті тұр. Екі елдің қалауы осы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я искренно вас приветствую в Казахстане. С Вашим приходом прошел всего лишь год, мы несколько раз встречались, и все о чем мы с Вами говорили, осуществляется и работает. За этот год Вы провели большую  работу, наладили отношения с соседями, решили нерешенные десятки лет вопросы, взаимного сообщения, взаимной торговли. И вообще все настроение изменилось.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Мен Орталық Азия мелмекеттері басшыларының кездесуін өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымды айтамын. Ел тәуелсіздігінің   алғашқы күндерінен бастап, Сіз интеграция туралы жиі айтып келесіз. Біздің мемлекеттер бірігіп, тәжірибе алмасу керегін айтып, экономикалық, гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту қажеттігін де күн тәртібіне қойып жүрсіз. Соңғы бір жарым жылда жеткен жетістіктердің бәрі сіздің арқаңыз.

Орталық Азия елдерімен әріптестікті жандандыруға ықпал еткен бұл жиынды өткізу туралы бастама Өзбекстан Президентіне тиесілі. Шавкат Мирзиёевтің бұл ұсынысын қазақ көшбасшысы құптап отыр. Себебі жалғыздың үні шықпас. Ал келісіп пішкен тон келте болмайды. Осыған мән берген Нұрсұлтан Назарбаев әріптестерінің өлшеусіз еңбегін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Активизировались контакты между главами государств. Практически за один год с марта прошлого года все президенты региона провели встречи друг с другом. Я особо хочу подчеркнуть огромную работу по отношению к соседям проделал Узбекистан. Шавкат Мироманович за короткий период разморозил многие накопившиеся проблемы последних 20 лет. Не могу не отметить и вклад нового президента Кыргызстана Сооронбая Жээнбекова который с приходом активизировал контакты с ближайшими соседями для решения застарелых вопросов и проблем. Также положительно оцениваю намерения президента Таджикистана Эмомали Рахмона првести в июне текущего года в Душанбе международную конференцию высокого уровня по международному десятилетию действии "Вода для устойчивого разития". Я думаю что мы все поддержим. В этом году исполняется 25 лет международному фонду спасения Арала. В данном контексте мы приветствуем план Президента Туркменистана по проведению в августе текущего года юбилейного саммита глав государств учредителей фонда Арала. 

Орталық Азияда өткір тұрған су мәселесі де шешімін тапты. Әмудария мен Сырдария өзендерін аймақтағы мемлекеттер бірлесіп пайдаланатын болады. Сондай-ақ шекарадағы түйкілдер де оңынан шешілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Между Узбекистаном и Таджикистаном десятками лет не решались очень серьезные вопросы. И с Кыргызстаном тоже. На границе были столкновения, погибали молодые люди. И сейчас из-за доброй воли все эти вопросы решены. Например, заминированы были границы между Таджикистаном и Узбекистаном. Разобрана была железная дорога, разобраны были автомобильные переходы. Все это восстановилось. Казахстан наконец-то полностью завершил договор о демаркации наших границ. Делимитация была. Демаркация с Узбекистаном и точка стыка есть между Туркменистаном, Узбекистаном и Казахстаном. Все подписано. Никаких нерешенных вопросов границ не осталось. 

Өңірді алаңдататын тағы бір мәселе терроризм мен экстремизмнен төнетін қауіп. Бұл ретте Ауғанстандағы ахуал алаңдатпай қоймайды. Сақтансаң сақ боларсын. Осы тұста Елбасы қырағылық таныту қажеттілігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас в Афганистане происходят события, нас это очень беспокоит. Если спецслужбы наших государств будут тесно сотрудничать, мы будем знать все о террористах, наркотрафике, религиозных исламистах и так далее. То есть, терроризм, религиозный экстремизм, незаконная торговля оружием, организованная преступность – всё можно пресечь. Мы знаем, что после войны в Сирии с ИГИЛОМ после их поражения теперь они спящие организации создают. А там участвовали в войне граждане всех наших стран. Теперь они возвращаются, и нам в этом деле нужно быть бдительными. 

Бүгінде Орталық Азия өңірі дамып келеді. БҰҰ-ның мәліметінше, соңғы 10 жылда аймақтағы мемлекеттердің ЖІӨ 6 пайыздан асқан. Әлемде бұл көрсеткіш осының жартысына да жетпейді. Ал осы жылдар ішінде сауда айналымы 1,6 млрд доллардан 3 млрд долларға дейін артқан. Демек, екі есе өсім байқалады.  Бұған Қазақстанның да қосқан үлесі зор. Еліміздің былтыр Орталық Азия елдеріне шығарған экспорттық өнімінің көлемі 35 пайызды құрайды. Елбасы осыған мән бере отырып, әлі де түйіні тарқамаған түйткілдер барын жасырмады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы, Казахстан, откуда-то какие-то завозим товары, которые у них есть. Они завозят металл, чтобы строить ту же ГРЭС в Таджикистане – вон у нас Карагандинский металлургический комбиант производит ту же арматуру, а они возят из Европы. По тем же овощам. Созрели овощи и фрукты. Даже гранаты в Узбекистане и Таджикистане. Мы всё равно клубнику возим из Израиля. Это не простой вопрос. Нам нужно переломить чиновников, которые сели на этой торговле, и им выгодно возить оттуда, с известными своими друзьями общаться и че то получать, чем вот рядом получать, это большой вопрос, мы об этом говорили. 

Мемлекет басшыларының кездесуі 2 сағатқа жуықтады. Тараптар инудстрияландыру, цифрландыру және инновацияны дамыту мәселелерін жан-жақты талқылап, мәдени гуманитарлық әріптестікті жандандыру керектін де сөз етті. Жиын соңында мемлекет басшылары  премьер-министрлердің бірінші орынбасарлары деңгейінде 5 жақты жұмыс комиссиясын құруға уағдаласты. Ал әз-Наурыз қарсаңында осындай келелі басқосу өткізу енді дәстүрге айналмақ. Келер жылы алқалы жиын  Өзбекстанда өтеді.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы