356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Астананың 20 жылдығына арналған өңірлердің тартуын аралады

  • 1110

Қазақстан халқы Ассамблеясының бас қаладағы Достық үйі, Жетісу саябағы және Есіл өзенін кесіп өтетін веложүргіншілер көпірі. Бұлар –  бүгін бір күннің ішінде елордада ашылған жаңа нысандардың тізімі.

Астананың 20 жылдығына арналған өңірлердің тартуын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аралады. Сонымен қатар елорда қазақ елінің ортақ туындысы екенін айтып, ХХІ ғасырдың таңғажайып құбылысына балады.

«Сан түрлі этносты бауырына басып, шұғылалы шаңырақтың астына топтастырған қазақ елі алтын бесік болса, Есіл жағасындағы еңселі елорда – алтын қазық». Бас қаланың мәртебесін осылай көркем сөзбен өрнектеген мұнайлы өлке Маңғыстау ассамблея өкілдеріне арнап жаңа ғимарат салып берді. Бүгін оның сәулеттік ерекшелігімен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы танысып, аралап көрді. Сондай-ақ этно-мәдени бірлестік өкілдерімен жүздесті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 - Во всех областях есть, в Астане не было. Поэтому сейчас теперь в Астане есть. Самое главное, чтобы люди приходили, вспоминали свою историю, свою культуру, может быть, языки вспоминали. Чтобы всем было комфортно. Есть место, где собираться, где вспомнить, где общаться. Поэтому я вас поздравляю.

Бұған дейін елордада Достық үйі жоқ болатын. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін маңғыстаулықтар Бауыржан Момышұлы көшесі бойындағы Неке сарайын қайта жаңғыртты. Үшқабатты ғимараттың жалпы аумағы – 4900 шаршы метр. Бірінші қабатта би залы, асхана, студия орналасса, екінші және үшінші қабаттарда акт залы, кітапхана, киім бөлмесі, мұражай, сондай-ақ конференц-зал орналасқан. Сәулеттік нысанды сыйға тартқан Маңғыстау жұрты елорда күніне ізгі лебізін өлеңмен де өрнектеді.

Төр қаланың туған күніне тарту ұсынған тағы бір өңір – Алматы облысы. Жетісу жұртының сыйы да ерекше. Жетісу саябағы деп аталады.

Жетісу саябағы – төр қаланың туған күніне тарту. Астананың 20 жылдық мерейтойына Жетісу жұрты жемісті еңбек пен толағай табысымен үлес қосудан бөлек, бас қаланың келбетіне көрік беретін арнайы сый дайындап жатыр. Елорда төріндегі Арай демалыс саябағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған Алматы облысының әкімдігі қала күніне орай астаналықтарға лайықты тарту жасамақ.

Саябақ аумағында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін демалуға барлық жағдай жасалған. Ойын алаңы, тамақтану аймағы, автотұрақ, ұзындығы 1 жарым шақырым болатын велосипедшілерге арналған айналма және жүгіру жолдары бар. Саябақта ұйымдастырылған концертті тамашалаған Елбасы жетісулықтардың тартуын жоғары бағалап, оның қала тұрғындары үшін сүйікті демалыс орнына айналады деген сенімін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Со всех регионов Казахстана живут здесь люди. Мы вместе сотворили чудо в XXI веке. За 20 лет такие города никогда в истории человечества не строились. Но мы сделали. Говорили, что здесь грязь, комары как воробьи величиной. А где они? Не летают. Мы всё покорили. В центре страны сделали прекрасную нашу столицу. Я хочу поблагодарить. 

Саябақ аумағын жарықтандыру да толықтай жүзеге асады. Түнгі тыныштыққа мүлгіген демалыс орнын 380 арнайы шам сәулеге бөлеп, самаладай жарқыратпақ. Жуырда облыс әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Астана қаласына барғанында Арай саябағын абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынымен танысқан болатын. Бүгінгі күні саябақта орналастырылатын барлық кіші сәулет нысандары құйылып, орнатылуға әзір. Қазір 15 гектар алқапқа созылған саябақ аумағының әр бұрышында жоспарланған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Нысандағы барлық жөндеу жұмыстар осы маусым айының соңында толық аяқталады. «Бұл саябақ Алматы облысының елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойына жасаған сыйы болмақ. Астанаға қыдырып барған әрбір жетісулық осы саябақта серуендеп жүріп, туған өлкесінің табиғатын көзбен көргендей болар деген ойдамыз. Осы үшін саябақтың жаңа келбетін қалыптастыру кезінде танымал сәулетшілердің ерекше дизайн үлгілері таңдалды», – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қаланың Алматы ауданында орналасқан Жерұйық саябағын аралап көрді. Онда Елбасыға 19 жыл бұрын өзі отырғызған алғашқы ағаш көрсетілді.

Сондай-ақ Елбасы Есіл өзенінің үстінен салынған жаяу жүргіншілер көпірін де көріп қайтты. Елбасы алғаш болып аспалы көпірмен жүріп өтті. Бұл құрылыс нысаны – Астананың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысының тартуы. Сондықтан көпірдің ерекшеліктерін Елбасына аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев пен Астана әкімі Әсет Исекешев айтып берді. Самал ауданы мен Амфитеатрды байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірінде арнайы велосипед жолағы да бар. Конструкцияның ұзындығы – 300 метр, салмағы – 2 500 мың тонна, көпірдің үсті пішіні жағынан бір-бірін қайталамайтын 2450 жапырақпен көмкерілген. Көпір жобасын Астананың урбанистика орталығы әзірлеген. Ерекше көпір елорда тұрғындары үшін тағы бір тынығу орнына айналмақ. Елбасы атыраулықтардың сыйлығын жоғары бағалап, елорда күллі қазақстандықтардың еңбегі екенін атап өтті.

Жаңа көпірді таныстыру кезінде Астана әкімі Әсет Исекешев те Елбасыға жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайтын веложүргіншілерге арналған инфрақұрылымды таныстырды. Құрылысты Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстары бірлесіп жүргізді.

Елбасы жаңа амфитеатрды да аралады. Ашық аспан астындағы сахнада елорда жұртымен бірге концерттік бағдарламаны тамашалады. Осылайша бас қала 20 жылдық белесінде жаңа сәулеттік нысандармен толығып, көркіне көрік қосты.

Авторлары: Рауан Мыңбаев Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы