356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау саммиті: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды

  • 308

Ақтауда Каспиий төңірегіндегі бес мемлекет, яғни Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан президенттері бас қосты.

Шаһардағы «Достық үйінде» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинді, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Иран Президенті Хасан Руханиді және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедовті күтіп алды. Елбасы саммит барысында бес тараппен келісілген күн тәртібі бойынша негізгі үш мәселе қаралатынын атап өтті. Олар теңіздің құқықтық мәртебесі Каспийдегі ынтымақтастық мәселелері мен аймақтық және халықаралық тақырыптарды қамтиды.

Бүгінде Ақтау саммиті деп аталып кеткен бұл маңызды шарада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды. Құжат Каспийдің акваториясы мен оның түбін пайдалану, биоресурстарды қорғау, балық аулау, сонымен қатар теңіз астымен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я рад приветствовать всех на побережье Каспия. Наша встреча совпадает с международным днем Каспийского моря. Это создает отличный фон для этого важного исторического решения. Уважаемые коллеги, согласно нашей согласованной ранее повестке, предстоит решить следующие вопросы: правовой статус Каспийского моря, сотрудничество и регионально-международная тематика.

Алдын ала мәлімет бойынша саммитке 150 қазақстандық және 200-ден астам шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысып жатыр. Жоғары деңгейдегі алқалы жиыннан ақпарат тарату үшін шаһарға Еуропа мен араб елдерінің, АҚШ пен Қытайдың беделді телеарналары мен ақпарат агенттіктерінің өкілдері келген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Уважаемые коллеги, я хочу поздравить всех нас с подписанием важнейшего документа для всех нас, прикаспийских государств. С началом конвенции и всех договоренностей, которых мы здесь достигли. Поздравляю!

Мы с коллегами подвели итоги многолетней работы по регулированию правового статуса Каспийского моря. Обсуждены состояние дел и дальнейшие меры по продвижению многостороннего практического взаимодействия. Подписан ряд важных соглашений в сфере торговли, экономики, транспорта и безопасности.

Хабар 24 телеарнасы