359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды

  • 199

Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығының жаңа ғимаратын аралады. Әр науқастың жағдайын ескере отырып, онкологиялық ауруларды сапалы түрде сәулемен емдейтін қондырғыны да қарап көрді.

Бұл жабдық халықаралық талаптарға сай медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Әрі шет мемлекеттердегі науқастарға да көмек қолын созуға болады. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев қатерлі сырқатты емдеу кезінде заманауи тәсілдерді енгізу керектігін мекеме қызметкерлерінің қаперіне салды. Сондай-ақ Президентке медициналық қондырғыларды шығарып, препараттарды өндіретін кәсіпорындардың жұмысы жөнінде де баяндалды.

Хабар 24 телеарнасы