361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы басталды

  • 992

Акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы жария етті.

Нұрбек Оршыбековтың айтуынша, бұл шара биыл 11-рет ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін акция аясында 3 миллионға жуық балаға 17 миллиард теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Басты мақсат - аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету және мектепке керекті құралдар мен киімнің болмауы салдарынан балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу. Сондай-ақ баспасөз маслихатында министрлік өкілі барлық кәсіпкерлер мен азаматтарды қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге шақырды.

Нұрбек Оршыбеков, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы: 

- Өткен жылы материалдық және қаржылық көмекпен қамтамасыз етілген бала саны 316 мың баланы құрап, қайырымдылық көмектің сомасы 3 миллиард теңге шамасын құраған еді. Мұның ішінде демеушілік көмектің көлемі 11 пайыздан асқанын біз қуана байқан болатынбыз. Материалдық көмек көрсетумен ең көп қамтылған өңірлер олар Алматы облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облыстары болған еді.

Хабар 24 телеарнасы