352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

  • 114
Павлодарда дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Павлодарда жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда оқу құралдары айтарлықтай төмен бағамен сатылады.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл 39 мыңдай оқушы мектеп партасына отырады. Бес мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Облыс орталығында 42 мектеп бар. Ағымдағы жылы 32 білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде «Мектепке жол» акциясы қайырымдылық жәрмеңкелерімен қатар өткізіліп жатыр. Әлеуметтік аз қамтылған 2,5 мыңға жуық оқушы мектеп тауарларымен толық қамтамасыз етілді. Жалпы аймақта көмекке мұқтаж 5 мыңға жуық шаңырақ бар екен.

Гүлсара Қойайдарова, қала тұрғыны:

- Мұнда 15 процент кішкене арзандау екен. Мен екі балама қалам, қарындаш сол мектепке дайындық жасауға алып жатырмын. Өте қуаныштымын, арзан беріп жатқандарына рахмет.

Сағындық Шәкенов, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы:

- Жаңа оқу жылы алдында ата-аналарға көмек ретінде мектеп тауарлары 15-20 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр. Бұған қоса барлық сауда үйлерінде қайырымдылық жәшіктері қойылған. Кәсіпкерлер киім-кешекпен көмектеседі. Біз оларды әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына таратамыз.

Хабар 24 телеарнасы