USD 342,73

EUR 403,00

РУБ 5.50

Елорданың триатлон-саябағында скандинавиялық жүрістен тегін жаттығулар өткізіледі

  • 93
Елорданың триатлон-саябағында скандинавиялық жүрістен тегін жаттығулар өткізіледі astana.gov.kz

Астанада алғаш рет «Скандинавиялық жүріс Паркинсон дертін жеңеді – екі астана марафоны» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Іс-шара барысында Қозғалыс ауытқушылығы қоғамдастығы – Евразия және «Евразия» скандинавтық жүріс мектебі ұйымдастырған «Паркинсон дерті» диагнозы бар астана тұрғындары үшін скандинавтық жүріс бойынша тегін шеберлік-сыныбы өткізіледі. 

Тәжірибелі жаттықтырушылар скандинавтық жүрістің пайдасы туралы айтып, техникасын көрсетеді және әдістемелік жаттығуды түсіндіреді, ал дәрігерлер процесті бақылап, Паркинсон дертімен ауыратын пациенттерге қалай қимылдау керектігін көрсетеді. 

Жиырма бес қатысушыға кездесу барысында скандинав жүрісіне арналған таяқшалар сыйлыққа үлестіріледі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – қоғамның назарын дерт мәселесіне аудару, осындай олқылығы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетіп, қозғалыс ауытқушылығына профилактика жасау. 

Іс-шара Астана және Алматы бас неврологтарының және де Қазақстан ұлттық неврологтар қауымдастығы, Қазақстан невролог лигасы, Ұлттық нейрохирургия орталығының  қолдауымен өтеді. 

Айта кетейік, 11 сәуір күні Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) бастамасымен жыл сайын Паркинсон дертімен бүкіләлемдік күрес күні өткізіледі. Бүкіләлемдік Паркинсон дертімен күрес күніне арналған тақырыптық іс-шара Астанада да қайырымды дәстүрге айналып үлгерді. Жыл сайын Паркинсон дертіне арналған кездесулер, семинар, конференциялар ұйымдастырылып жатады.   

Іс-шара 11 сәуір 2018 жылы сағат 11:00-де триатлон-паркінде өтеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде