Алдағы үш күнде Астанадағы ауа райы қандай болады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Алдағы үш күнде Астанадағы ауа райы қандай болады

  • 86
Алдағы үш күнде Астанадағы ауа райы қандай болады Astana.gov.kz

Елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-не сілтеме жасап, алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Синоптиктердің болжауынша, 20 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шыққанымен, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.

Сенбі 21 шілде күні де ауа райы құбылмалы болады. Күндіз қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрамақ. Сынап бағанасы түнде +17...+19°С, күндіз +27...+29°С көрсетеді.

Ал жексенбі 22 шілдеде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с, кейде 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +18...+20°С.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде