USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Австриялық компаниялар Қазақстанға инвестиция құюға дайын

  • 74
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Австриялық компаниялар Қазақстанға инвестиция құюға дайын

Бүгін Венада Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің XIV отырысы басталады.

Оған еліміздің Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов қатысады. Кеше ол президент Александр Ван дер Белленмен кездесті. Австрия басшысы Қазақстанды «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін жемісті өткізуімен құттықтады. Сонымен қатар Республикамыздың Сириядағы қақтығысты шешу мен басқа да бітімгерлік әрекетін жоғары бағалады. Әсіресе Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Кездесу барысында екі елдің халықаралық ұйымдардағы өзара әрекеті мен Қазақстанның Еуроодақпен ынтымақтастығы талқыланды. Австрия басшысы транзиттік-көліктік, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Ал еліміздің Сыртқы істер министрі жергілікті саяси және іскер топтармен кездесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды. Осы орайда Австрия экономикалық палатасының вице-президенті Рихард Шенц бұл шараларға қолдауын білдіріп, Қазақстанға инвестиция құюға әзір екенін білдірді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top