USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Қарағанды облысында фермерлерге берілетін шағын несие көлемі ұлғаяды

Қарағанды облысында фермерлерге берілетін шағын несие көлемі ұлғаяды

Елбасы бес әлеуметтік бастамасында биылдан бастап жеңілдетілген шағын несие көлемін 20 миллиард теңгеге арттыруды тапсырды.

Осылайша енді жеке кәсібін дөңгелеткісі келетін іскер азаматтарға жыл сайын 62 миллиард теңгеден қаржы үлестірілмек. Бұл қуанышты хабарды естіген Қарағанды облысындағы Нұра ауданының жұрты жаппай кәсіп ашуға талаптанып отыр. Қазірдің өзінде 90 адам өзінің бизнес-жобасын ұсыныпты. Басым көпшілігі мал басын өсіргісі келеді, ал кейбірі ауыр жүк көліктерін алуды жоспарлапты. Енді бірі жылыжай немесе наубайхана салуға қаржы сұрап отыр. 

Данияр Мақсұтов, Нұра аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Шағын несие көлемінің ұлғаятындығын аудан жұрты зор қуанышпен қабылдады. Себебі өткен жылы кәсіп ашқысы келген 140 адамның тек 100-і ғана қаржыға қол жеткізіп, қалған жоба аяқсыз қалып қойған еді. Оған себеп көмек қаржы жетпей қалды. Енді биылдан бастап несие көлемі ұлғайса, қаншама кәсіптің тамырына қан жүгіргелі тұр. Демек, жұмыс орны да көптеп ашылады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде