353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысы қазына қаржысын тиімді жұмсай алмады

  • 96
Ақтөбе облысы қазына қаржысын тиімді жұмсай алмады

Ақтөбе облысы ел қазынасынан бөлінген миллиардттарды тиімсіз жұмсаған.

Бүгін Есеп комитеті облыстың атқамінерлерін Астанаға шақырып, республикалық бюджеттен бөлінген әр теңгенің тағдыры бойынша есеп алды. Ал сұрауы бар мәселелер аз емес. Мысалы, құрылысы әлдеқашан тоқтап қалған туберкулезге қарсы диспансердің құрылысына жауапты мердігерге 1 млрд-тан астам аванстық төлем аударылған. Облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, бұл қаржы жоба бойынша түзетулер енгізілгеннен кейін төленіпті. Бұл жауап Есеп комитетің төрайымын қанағаттандыра қоймады.

Наталья Годунова, ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша есеп комитетің төрайымы:

- Жобалық-сметалық құжаттар талапқа сәйкес емес екені белгілі болды, мемлекеттік сараптама қалай рұқсат берді? Сіздер мұны біліп тұрып осындай үлкен көлемде аванстық төлем жасайсыздар. Мұны қалай түсіндіресіз?

Олжас Смағұлов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Нысанның құрлысы 2016 жылы басталды, ғимараттың бір бөлігі салынып бітті. Ал жобалық-сметалық құжат бойынша өзгертулер аванс берілгеннен кейін қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы