352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі компаниялар қосымша шарт биржасының форумында бас қосты

  • 107
Еліміздегі компаниялар қосымша шарт биржасының форумында бас қосты

Қазақстандық  40-қа жуық ірі  компания мен  200-ден астам тауар өндіруші кәсіпорын өкілдері қосымша келісімшарт биржасының форумында бас қосты.

Биыл  екінші мәрте өткізіліп отырған ауқымды шара еліміздің машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі мен мұнай өндіру салаларын дамытуды көздейді. Биржа алаңында бизнес иелері мен өндіріс орындарының басшылары нарық сұранысына орай еңбек етудің әдіс-тәсілдері мен электрондық сауданың артықшылықтары туралы тәжірибе алмасты. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнату жолдарын да қарастырды. Басқосуда кәсіпкерлерге тауар өндірушілермен жүзбе-жүз кездесу арқылы келіссөздер жүргізіп, тапсырыс берушілердің сұранысына орай жұмыс шарттарын қарауға мүмкіндік берілді.   

Әбу Қырқымбаев, ҚР ИДМ бас сарапшысы:

- Ірі тауар өндірушілер негізінен бүгінгі күні шетелдік тауарды тұтынып отыр. Осы бағытта импорт алмастыру бойынша олардың сұраныстарын анықтай отырып, өздерінде өндіріп отырған өнімдер болса, соларды өндіру, өздерінде болса, ірі компаниялардың талаптарына сәйкестендіру болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы