USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


АҚШ мектебінде бәзбіреу оқ атып, бір адам қаза болды

  • 48
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
АҚШ мектебінде бәзбіреу оқ атып, бір адам қаза болды

АҚШ мектептерінің бірінде тағы оқ атылды. Оқыс оқиға Вашингтон штатында болған. Мұнда бәзбіреу атыс ашып, бір адамды мерт қылған.

Тағы бірнешеуі жараланған. Барлығы қазір ауруханада, ем қабылдап жатыр.

Федералдық тергеу бюросының мамандары төтенше жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Ал оқ атқан қаскөйдің жеке тұлғасы әлі анықталмады. Оны бұл әрекетке не итермелегені жайлы да мәлімет жоқ.

Брайан Шаффер, өрт қызметінің өкілі:

– Өкінішке орай, атыс салдарынан көз жұмған марқұмның осы мектеп оқушысы екені анықталды. Тағы 3 оқушы жараланып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр.

Айта кеткен жөн, АҚШ-та білім ошағында оқ ату оқиғалары жиі тіркеліп жатады. Өткен аптада ғана Огайо штатында әлдекім белгісіз себептермен мектепте атыс ашқан болатын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top