USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Геннадий Головкин Мексика халқына көңіл айтты

  • 385
Геннадий Головкин Мексика халқына көңіл айтты vesti.kz

Мексиканың оңтүстігінде күші 7,1 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Мексика халқына көңіл айтты.

«Мехикодағы менің достарым мен ондағы барлық жандар үшін дұға бағыштаймыз», – деп боксшы Твиттер желісінде жазды.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Мексиканың оңтүстігінде күші 7,1 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде