USD 327.92

EUR 398.12

РУБ 5.25

Ауғанстанда әскерилерге шабуыл жасалды

Ауғанстанда әскерилерге шабуыл жасалды

Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары полицейлерге шабуыл жасап, 27 адам қаза тапты.

Оқиға Кандагар мен Гульменд провинциясында болды. Қарулы тәліптер полиция бекеттерін шабуылдап, ізінше кескілескен атыс басталған. Ұрыс 2 сағатқа созылып, сарбаздар 40 лаңкестің көзін жойды, тағы 35-ін жаралаған. Жергілікті билік қарулы қақтығыс аз уақытқа созылғанмен, бұл лаңкестердің соңғы жылдары жүзеге асырған ең ірі шабуылы болды деп отыр. 

Айта кету керек, Ауғанстандағы жағдай әлі оңалмай келеді. Керісінше соңғы уақытта ауылды жерлерде ықпалы басым «Талибан» радикалды қозғалысы әскери қимылдарын үдетіп, ірі қалаларды бақылауына алуға күш салып жатыр. Бұған қоса «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» содырларының да әрекеті белең ала бастаған. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде