USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Ресейдің Самара облысында құс тұмауының вирусы анықталды 

  • 132
Ресейдің Самара облысында құс тұмауының вирусы анықталды 

Ресейдің Самара мен Пенза облыстарында өлген үй құстарынан алынған сынамалардан құс тұмауының белгілері анықталған.

Бұл туралы Челябі облысының Ресей ауылшаруашылық бақылау басқармасы хабарлады. Батыс Қазақстан өңірі Ресейдің 5 бірдей облысымен шектеседі. Ал құс тұмауының белгілері анықталған Самара облысының аудандары 100 шақырымдай жерде. Облыстық аумақтық ветеринарлық инспекциясының ақпаратына сүйенсек, үй құстарына құс тұмауының алдын алу мақсатында вакцина егу жұмыстары 2005 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Жалпы өңірдегі шаруашылықтар мен жекенің қолында 1 миллион 300 мың бастай құс бар. Жыл соңына дейін солардың 190 мыңына вакцина егу жоспарланған. Құстарға екпе салу жұмыстарына 2 миллион теңге жұмсалмақшы. Облыстық ветеринарлық инспекция мамандарының айтуынша, әзірге өңірде құстардың қандай да бір дертке шалдығу дерегі тіркелмеген. Дегенмен көрші елдегі жағдайға байланысты жағдай толықтай бақылауда. «Самара облысынан әкелінетін тиісті тауарлар түрлеріне қатысты бақылау шараларын күшейту мәселелері шекара қызметімен бірге талқыланатын болады», – дейді мамандар.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде