361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай Камбоджаға қомақты қаржы бөледі

  • 132
Қытай Камбоджаға қомақты қаржы бөледі

Қытай Камбоджаға 100 миллион доллар қаржы бөлетін болды.

Енді Камбоджа жақын арада бұл әскери көмекке қол жеткізеді.

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары Камбоджа үкіметіне сілтеме жасап хабарлады. Деректерге сәйкес, бұл көмекті Қытай қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ Камбоджа премьер-министрі Хун Сенмен кездесу кезінде ұсынған. Қос тараптың ресми кездесуіне екі елдің бірігіп ұйымдастырған, әскери көрмесі себеп болды. Кездесу барысында қарым-қатынасты нығайту үшін арнайы оқу-жаттығы жұмыстары жүргізіліп, стратегиялық серіктестікті дамыту үшін жобалар жасалатын болып шешілді. Айта кету керек, аспанасты елі – Камбоджаның ең ірі демеушісі.

Хабар 24 телеарнасы