Израиль палестиналықтар атқан зымырандарға жауап қайтарды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Израиль палестиналықтар атқан зымырандарға жауап қайтарды

Израиль палестиналықтар атқан зымырандарға жауап қайтарды

Израильдің әскери әуе күштері Газа секторындағы ХАМАС тобының 40 шақты нысанына әуеден соққы жасады.

Салдарынан 2 палестиналық қаза тапты. Тағы 12-сі түрлі деңгейде жарақат алған. Олар 2 туннель және жанғыш батпырауық пен шар жасалатын кәсіпорынды қиратқан. Израиль билігінің дерегі бойынша бұл шабуыл кек қайтару. Бұан дейін палестиналықтар еврей мемлекетіндегі елді мекендерге 50 шақты зымыран атқан. Ал Израиль әскері снарядтарды қағып түсірген. Мұндай  текетірес Газа секторында 2014 жылдың жазында болған.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль мен Палестина арақатынасы көктемде өткен наразылық шараларынан бері күрт шиеленісіп кетті. Палестиналықтар бас көтеру арқылы Израильден тартып алған жерлерін қайтаруды талап етіп отыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде