Жапониядағы су тасқыны құрбандарының саны 222-ге жетті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Жапониядағы су тасқыны құрбандарының саны 222-ге жетті

  • 111
Жапониядағы су тасқыны құрбандарының саны 222-ге жетті

Тағы 20 тұрғынға іздеу жарияланды.

Табиғи апаттың басталғанына 10 күн өтсе де, аймақта құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Ресми дерек бойынша, 4 мыңға жуық адам эвакуацияланған аумақтан үйлеріне оралмады. Зардап шеккен аймақтарда су жүйесі бұзылып, дүкендер жұмыс істемей тұр. Жергілікті бұқралық ақпарат құралдарының мәліметінше, мәселені реттеу үшін 60 мыңнан аса қауіпсіздік қызметкері мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Одан бөлек құтқару жұмыстарына 80-ге тарта тікұшақ тартылған. Жергілікті телеарна апаттан кейін ауданда індет таралып, ауызсу тапшылығы туралы хабарлаған болатын.

Айта кету керек, Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аудандарында шілденің басында толассыз жауған нөсер соңы селге ұласты. Салдарынан елдің бірнеше қаласы су астында қалды. Әсіресе Хиросима, Гифу, Эхиме, Киото және Окаяма шаһарлары қатты зардап шекті.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде