USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Оралда балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

  • 177
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Оралда балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне келушілер белгілі саясаткерлер мен тарихи тұлғалардың және әйгілі актерлердің бейнелерін тамашалай алады.

Сонымен қатар түрлі мультфильмдер мен ертегі әлемінің кейіпкерлері де қойылған. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген көрме балаларды ғана емес, ересектерді де ерекше таңқалдырды. 40-қа жуық экспонаттың қатарында Майк Тайсон мен Пеле сынды танымал спортшылар, сондай-ақ «Сақиналар әміршісі», «Аватар», «Жұлдызды соғыстар» секілді үздік кинотуындыларының кейіпкерлері де бар. Балауыз мүсіндер тарихы XVII ғасырдан бастау алады. Сол кезеңде Еуропада алғаш рет монархтардың мүсіндерін жасау сәнге айналған екен. Ал Тюссо ханымның әйгілі музейі Лондонда XIX ғасырдың ортасында ашылған.

Раиса Путилина, көрме әкімшісі /Санкт-Петербург, РФ/:

- Мүсіндердің басы мен қолдары балауыздан жасалады. Ал кеудесі силикон немесе жеңіл шыны пластиктен тұрады. Шаштарының әр талын арнайы иненің көмегімен жапсырады, бұл – өте қиын әрі шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Нағыз протезден дайындалатын көзді орналастыруға офтальмологтар, ал тістерін қондыруға стоматолог мамандар көмектеседі.

Аида Ғазезова, оқушы: 

- Бұл көрмеде орыстың, ағылшынның және шетелдіктердің әншілері мен авторлары бар. Ол бізге сабақта да көмектеседі және де мультфильмдер мен кинолардан ғана көретін кейіпкерлерді қазір шын секілді көріп тұрмын. Мысалы, Гарри Поттер, Джек Воробей, тағы басқалары.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top