352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана Опера театрындағы концертте шетелдік орындаушылар өнер көрсетті

  • 141
Астана Опера театрындағы концертте шетелдік орындаушылар өнер көрсетті

Астана Опера театрында «Вива, л'Опера» концерті қойылды.

Талғамы биік көрермен назарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Шотабаев пен Барсег Туманян және кеш қонағы швейцариялық атақты әнші Вардуи Хачатрянмен бірге италиялық опера классикасының үздік әндерін ұсынды. Сахна шеберлерінің дауыстарына тәнті болған өнерсүйер қауым өнерпаздарға қошамет көрсетіп, рухани байып тарасты.

Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Көрермендер мен ойлаймын, жақсы қабылдайды. Неге десеңіз, біздің көрермендер бәрі қонақжайлы адам ғой. Сондықтан да жақсы қабылдайды. Сопрано деген керемет әнші. Вардуи Хачатрян деген. Халық деген аншлаг болды.

Хабар 24 телеарнасы