361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазғандағы музей 300 жәдігермен толықты

  • 157
Жезқазғандағы музей 300 жәдігермен толықты

Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық мұражай қоры тағы 300-ге жуық құнды жәдігермен толықты.

«Тарихта өз атыңды қалдыр» деп аталатын шара аясында тұрғындар қолда бар дүниелерін мұражайға тапсырып жатыр. Мәселен, жергілікті тұрғынның бірі Степлаг тұтқындарының жазған хаттарын тапсырған. Ал тарихшы Бақтияр Қожахметов болса бір ғасыр бұрын жасалған келі мен келсапты сыйға тартты. Тағы бір құнды жәдігер – Ұлы Отан соғысының ардагері, маршал Жуков орденінің иегері Ашықбай Тубаевтың соғыста киген саптама етігі. Ғалымдардың зерттеуінше, ол шамамен ХІХ ғасырдың соңында жасалған. Мұражай директорының айтуынша, жәдігерлердің ішіндегі ең бағалысы – ХІХ ғасырдың орта шенінде басылған Фирдоусидің «Шахнаме» кітабының түпнұсқасы. Оны мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов тапсырған. «Парсы, түркі шағатай тілдерінде жазылған кітапты оқитын адамдар саусақпен санарлық», – дейді мамандар.  

Раушан Қаппарова, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры:

- Бұл өте құнды кітап. Бұны оқыттық. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Алматы мешітінің қызметкері Әбдіқаһар қариге оқыттық. Бұның өте құнды екенін айтты, музейдің экспозициясына қою үшін өте қажетті жәдігер деп есептейміз. 

Хабар 24 телеарнасы