361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Опера әншісі Медет Шотабаев Австралияда өнер көрсетеді

  • 333

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «100 жаңа есім» жобасының жүлдегері, опера әншісі Медет Шотабаев Австралияда өнер көрсетеді.

Жаңа спектакль  Мельбурн қаласындағы әлемге әйгілі опера театрында қойылады. Ерекше дауысымен отандық және әлемдік сахнаның тарланына айналған тенордың сапар алдындағы дайындығын  біздің тілшілеріміз де біліп қайтқан еді.

Композитор Рихард Вагнердің «Нюрнбергские мейстерзингеры» туындысы ең күрделі опералардың бірі. Қазақстандық өнер жұлдызы Медет  Шотабаев осы қойылымда Давидтің партиясын орындайды. Бұған дейін ол әлемнің бірнеше елінде  қазақ, орыс, итальян,  француз, ағылшын және испан тілдерінде өнер көрсеткен. Ал бұл опера  неміс тілінде қойылады. Сондықтан, тенор партияның орындалу техникасына ерекше мән беріп, мұқият дайындалып жатыр. 

Медет Шотабаев, «Астана Опера» театрының жетекші солисі:

- Осы октябрьдың басында Австралияға  ұшамын. 2 айдай сонда боламын. 1-репитиция, екінші айда спектакльдер басталады. Спектакльдер Сиднейдің опера театрында болады. Ал спектакльдер Мельбурн деген астанасында болады.

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Медет Шотабаев өз отандастары мен шетелдіктерді  өнерімен осылай тәнті етіп келеді.  Бүгінде ол «Қыз Жібек» операсында Төлеген, «Мадам Баттерфляйда» Пинкертон, ал «Травиата» шығармасында Альфред, «Багемада» Рудольф партиясын  сомдайды.  Ол уақытының денін дайындыққа арнайды.

Тенор табысқа жетудің сыры тынымсыз еңбекте, деп біледі. «100 жаңа есім» жобасында Медет Шотабаев жеңімпаздарды қатарынан көрінуім де сол еңбектің нәтижесі дейді. Оның айтуынша, мұндай іс шаралар аса қажет. Әсіресе жастарды отансүйгіш, еңбекқор, білімді  және табысты  болуға үндейді.

Медет Шотабаев, опера әншісі:

- Әрине осындай жобалар қажет. Болашаққа, ұрпағымызға, Біздің Отанымызға, жастарға жол ашады.

Медет Шотабаев биыл тағы екі бірдей мараптқа ие болды. Алғашқысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендиясы. Ал «Италия жұлдызы» ордені  екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін табысталды.

Хабар 24 телеарнасы