USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Байқоңырдан «Союз МС-06» кемесі тиелген зымыран сәтті ұшырылды

  • 117
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Байқоңырдан «Союз МС-06» кемесі тиелген зымыран сәтті ұшырылды

Биыл адамзаттың ғарыштық дәуірі басталған «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әлемдегі ең тұңғыш жасанды жер серігінің ұшырылғанына 60 жыл. Озық технологиялардың дамуы, цифрландыру, киберқауіпсіздік, жаңа индустриялардың құрылуы сияқты технобағыттар қазақстандық ғарыш қызметінің дамуына серпін берді. Байқоңыр айлағында қазір 19 мыңдай адам осы салада тер төгеді. Оның ішінде қазақстандық мамандардың да үлесі зор.

Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 3-тен 17 минут кеткенде «Байқоңыр» кешенінен «Союз МС-06» зымыраны сәтті ұшырылды. «Союз» транспорттық басқарылатын кемесі осымен 133-рет ғарышты бетке алып отыр. Гагариндік ұшырылым алаңынан әуеге көтерілген зымыранның экипаж құрамында «Роскосмос» ғарышкері Александр Мисуркин және NASA астронавттары Марк Ванде Хай мен Джозеф Акаба бар. Ғарышкерлер халықаралық ғарыш стансасының кеңістігінде 167 тәулік болады. Экспедиция мүшелері 56 ғылыми тәжірибе жұмыстарын жүргізеді.

Диана Игнатова, инженер-құрастырушы /Ресей/:

- Ғарышкерлер мен зымыран үшін қатты қобалжып тұрдым. Өйткені ғарыш сапарына аттанған кемені құрастыруға атсалыстым. Хруничев атындағы Мәскеу мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының жас мамандарын тәжірибе ұштау үшін Байқоңырға арнайы жіберді. Кеше «Протонның», бүгін «Союз» кемесінің ұшырылымын алғаш тамашаладық. Сәтті ғарыштық жобаға үлес қосқаныма қуаныштымын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top