USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Атыраулық кәсіпкер пластикалық қалдықтарды кәдеге жаратудың жолын тапты

  • 591
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Атыраулық кәсіпкер пластикалық қалдықтарды кәдеге жаратудың жолын тапты

Атыраулық кәсіпкер Әзілхан Байбатыров тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, пайда тауып отыр.

Ол бұған дейін пластикалық қалдықтарды жинап, Ресейге өткізіп келген. Енді өз елінде өңдеп, өнім шығармақшы. Биыл жазда ЕХРО көрмесіне келіп, идеясын қолдаушы инвесторлар тауыпты. Шетелдіктер енді Атырауда пластикалық қалдықтарды өңдейтін зауыт салуға дайын отыр. 

Атырау қаласында пластикалық қалдықтарды жинайтын арнайы контейнерлер осы жаз айында пайда бола бастады. Пластикалық бұйымдардың тозу мерзімі 450 жылдан асады екен. Сондай-ақ пластикалық қалдықтардың тұрғындар үшін бас ауруына айналғаны  жасырын емес. Қалдық көбейіп кетті.

Зоя Кислицына, қала тұрғыны:

- Пластикалық қалдықтардың кесірінен қоқыс полигондарында өрт оқиғасы жиі орын алып жатады. Оның улы түтіні айналаға жайылғанда дем алу мүмкін емес.   

Михаил Толстов, қала тұрғыны:

- Бір кездегідей  пластик қалдықтар мен әйнек сынықтарын жинауды қайта қолға алу керек. Оларды қайта өңдеп, кәдеге жаратсақ, табыс көзі болары анық. 

Осыны түсінген Әзілхан Байбатыров қоршаған ортаға пайдасы тиетін кәсіп көзін ашқан. Оның жоспарын жергілікті билік пен мұнай өндіруші компания қолдап отыр. Қазір кәсіпкер жігіт жүк көлігін сатып алып пластикалық қалдықтарды жинауға кірісті. 1 айда қала бойынша 4,5 тонна шикізат жинауға болады екен. Әзірге оларды тайлап, Ресейдің Самара қаласына жөнелтіп жатыр. Енді сол қоқысты өзі өңдеп, өнім шығармақ.   

Әзілхан Байбатыров, кәсіпкер:

- Біз инвестор таптық. Ол Атырау қаласында қоқыс өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр Ол технология әлем бойынша үздік болып саналады. Барлық қалдықтар плазмамен өртеліп, оттегі қосылмайды, табиғатқа диоксиндер шашырамайды.

Қазір Әзілхан қала бойынша 65 контейнер қойып, шикізат жинауда. Келешекте олардың саны 300-ге жететіндігін айтады.   

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top