USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Несие алу үшін беретін кепілі жоқ фермерлерге арнайы жоба әзірленді

  • 753
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Несие алу үшін беретін кепілі жоқ фермерлерге арнайы жоба әзірленді

Ауылдық жерде бизнесті өркендетуге мүмкіндік мол. Несие алу үшін кепілдік мүлкі жоқ фермерлерге қолдау көрсетіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, көбіне шаруалардың кепілге қоятын мүлкі болмайды.

Сондықтан «кепіл алу» жобасы әзірленді. Бағдарламаға сай арнайы ұйым борышкерге кепілдік бере отырып, қарыздың қайтарылуына жауапты болмақ. Бүгінге дейін 180 шаруа осы шараның шарапатын көрді. Олардың 40 пайызы - жұмысын жаңадан бастағандар. Кепілдік алу жүйесі бойынша 18 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Жаңадан кәсіп  бастағандарға несиесінің 85 пайызына дейін ал, бизнесте бұрыннан кіріскен кәсіпкерлерге 50 пайызына дейін кепілдендіруге болады. 

Қазбек Иманқұлов, «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бағдарламаға қатысушы «Аграрлық несиелік корпорациямен» қаржыландырылып отырған несиелік серіктестікке барады. Егер кепілге қоятын мүлкі жетіспеген жағдайда несиелік серіктестік оған кепілдендіру арқылы несие беру туралы шешім қабылдайды. Құжаттар толықтай тексерілгеннен кейін шешім шығады. Осыдан кейін өтініш беруші, несиелік серіктестік пен «ҚазАгроКепіл» АҚ арасында үш жақты келісімге қол қояды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top