USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Қазақстандық делегация Германияда өтіп жатқан «Жасыл апта» көрмесіне қатысты

  • 105
  • Media
Қазақстандық делегация Германияда өтіп жатқан «Жасыл апта» көрмесіне қатысты

Берлинде өтіп жатқан «Жасыл апта» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қазақстандық делегация да қатысты.

Шара барысында аграрлық қауымдастық өкілдері неміс әріптестерімен кездесіп, агроөнеркәсіп кешені бойынша серіктестікті нығайтуға келісті.

Аграрлық ғылымды дамытып, жаңа технологияны енгізу арқылы  Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін әлемге әйгілі ету қажет.  Елбасы қазақ халқына арнаған өз Жолдауында осындай негізгі салаларға басымдық бергені белгілі. Бұл ретте неміс шаруалары Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, ауыл шаруашылығы саласындағы үздік тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді.

Дитхард Рудерт, «Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогы» жобасының жетекшісі:

- Конференция үшінші рет ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы саласында серіктестікті талқылауға арналған бұл алаңның біз үшін маңызы зор. Мамандар осы жолы қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің экпортын қалай арттыруға болатындығы мен аграрлық экономикадағы білім беруді дамытуды талқылады. Біз өз тәжірибемізбен бөлсуге қашан да дайынбыз.

Ал Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде еліміздің аграрлық әлеуетін таныстырды. Мамандарды даярлау үдерісіне жіті тоқталып, университеттің әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндігін атап өтті. Мәселен, ҚазАТУ екі дипломды білім беру бағдарламасы аясында Еуропаның екі жүз жылдық тарихы бар Вайнштефан университетімен серіктестк орнатқан. Ал «Класс» неміс компаниясымен оқу ордасы дәлме-дәл ауыл шаруашылығы орталығын құрған. Болашақта оны ақылды ауыл шаруашылығы орталығына  айналдырып, ол тәжірибені бүкіл Қазақстанға қолдану көзделген.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры:

- Биылғы өзінің Жолдауында Елбасы алдымызға үлкен мақсат қойып отыр. Біздің ауылшаруашылық саласына жаңа технологияларды енгізу керек. Ақылды технологияларды қолдану керек. Мысалы неміс компанияларының есебі бойынша біз Қазақстанға дәлдік технологияны енгізетін болсақ, тынайтқышты көлемі қолдану көлемі 50%, ал жанармаймен гербициттердің қолдану шығындары 25-36%-ға дейін азаяды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тараптар алғаш рет Астанада неміс-қазақ агрофорумын өткізуге келісті. Форум биыл көктемде С.Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университетінде өтеді. Кездесуге Германия мен Қазақстанның ғалымдары, инвесторлары мен агроөнеркәсіп кешенінің мамандары жиналады. Жиынның басты тақырыбы Жолдаудағы негізгі міндеттер мен ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу мен аграрлық университеттердің серіктестік орнатуы болады.

Авторлары: Жансұлу Дүйсенәлі, Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде