Алматыда айлық құны 12 мың теңге болатын ақылы тұрақ абонементі енгізілуі мүмкін - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Алматыда айлық құны 12 мың теңге болатын ақылы тұрақ абонементі енгізілуі мүмкін

Алматыда айлық құны 12 мың теңге болатын ақылы тұрақ абонементі енгізілуі мүмкін

Биыл Алматыда ақылы тұрақтар санын 15 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Қазір қала бойынша олардың саны 11 мыңға жуық. Өткен жылы солардың есебінен қала бюджетіне 269 млн теңге салық түскен. Бұл жөнінде паркоматтар мен ақылы тұрақтарға жауапты компания басшылығы мәлімдеді. Енді ақылы тұрақтар Достық даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін – Райымбек пен Әл-Фараби даңғылдарының арасында ашылады. Ал көлік иелеріне ыңғайлы болу үшін төлемді ұялы телефон және арнайы карталар арқылы жасауға болады. Бірақ төлемнің бұл түрі енді ғана жетілдіріліп жатыр. «Әзірге бағаны өсіру жоспары жоқ», – дейді мамандар. Сондай-ақ бір айлық құны 12 мың теңге болатын бірыңғай абонемент енгізу қарастырылып жатыр. Ал ақылы тұрақтардағы қауіпсіздік мәселесіне компания басшылығы жауапты емес екендіктерін айтты.

Марат Пірінбеков, «Алматы СпецТехпаркинг» ЖШС директоры:

– Ешқандай қауіпсіздікке біз жауапты емеспіз. Бұл әлем тәжірибесі. Ешкім ештеңеге жауапты емес. Тек қана шлагбауым қойылған жерге кіретін болса, ол жерлерде жауапкершілік бар.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде