USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 131

Ырғыз-Торғай табиғи резерватында киіктердің төлдеуіне байланысты қарауыл күшейтілді

Ырғыз-Торғай табиғи резерватында киіктердің төлдеуіне байланысты қарауыл күшейтілді

Ырғыз-Торғай табиғи резерватында қарауыл күшейтілді.

Осы күндері киіктер төлдеп, құралай бауырын көтеруде. Осыған орай бөкендердің Бетақдала популяциясын бағатын барлық инспектор атқа қонған.

Елімізде «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл – киіктердің төлдеу кезіндегі тыныштығына бағытталған амалдың бірі. Мамыр айының орта тұсына келетін маусымда жануарлар төлінің белі қатып, тобына қосылғанша инспекторлар дала шарлайды. Ақбөкен санын есептеп, жайлау-қостарын белгілеп жүреді.

Бұл құралай шамамен бүгін таңертең дүниеге келген. Белі қата қоймапты және аяғына нық тұра алмайды. Анасы осы жерге тастап кеткенімен, бір-екі сағаттан соң әл жинап келгеннен кейін қайтып келіп, соңына ертіп кетеді.

Ырғыз ауданына шамамен 10 мың бастан астам жануар жиналған. Әрбір аналық киік орташа есеппен егіз құралайды дүниеге әкелетін ескерсек, келер жылы олардың саны әлдеқайда артуы тиіс. Бастысы 2015 жылғы қырғын қайтып келмесе болғаны.

Сәбит Садыриев, Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

Киіктердің зор апатқа ұшыраған жерлерінде негізінен мына киіктердің қырылуын алдын алу мақсатында жұмыстар атқардық біраз. Негізгі миграциялық жайылымын анықтап, сол жайылымында шөптен сынамалар алынды, сол араның топырағынан сынамалар алынды, сол араның суларынан сынамалар алынды. Ақтөбе облыстық экология департаментіне жолданып, солардың қорытындылары шығарылуда.

Қару асынып ен даланы аралайтын қарақшылардан да келер шығын шаш етектен. Әсіресе киіктің мүйізіне бола қырып салатындар да ақбөкен санының көбеюіне тікелей кедергі болып отыр.

Шахмаран Айсабекова, «Охотзоопром» РМҚК Ақтөбе облыстық филиалы, Ырғыз тірек пунктінің инспекторы:

– Бұрын жете алмайтын едік. УАЗ-бен джипке жете алмайтын едік. Браконьерлер кілең мықты-мықты 10 амортизатор, 8 амортизатор салынған машиналарды мінеді. Соған біз УАЗ-бен жете алмайтын едік. Қазір джип автокөлігін бергеннен кейін оларға жетеміз.

Айта кетейік, жыл басынан өңірде браконьерлік болмаған. Тәртіп сақшылары бұл жайтты жазаның күшейгендігімен байланыстырып отыр. Мәселен, киіктің аталығын атқан қаскөй 500 айлық есептік көрсеткіш немесе 1 миллион 200 мың теңгеден астам айыппұл төлеп, барлық аңшылық құралынан айырылады. 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Гүлмира Досмұратова

Хабар 24 әлеуметтік желілерде