352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ана өлімі дерегі бойынша тергеу басталды

  • 224
Астанада ана өлімі дерегі бойынша тергеу басталды

Астаналық перинаталдық орталықта босанып, көз жұмған әйелдің ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл басынан бері бас шаһарда 4 ана өлімі дерегі болған. Тексеріс аяқталған соң ведомство өкілдері оның нәтижесін ресми түрде жариялайды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Патологоанатомиялық, морфологиялық зерттеу біткен соң ақпарат береміз. Біз қазір Астана қаласындағы амбулаториялық деңгейдегі осы әйелдерге қандай қызмет көрсетілгенін тексеріп жатырмыз. Арнайы штаб құрылған. Астана қаласының әкімшілігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Үлкен мәселе бар деп айтуға болмайды. Кейбір жағдай әйелдің негізгі денсаулығына байланысты. Бірақ жалпы перинаталдық орталықта тексерістің бәрін жүргіздік. Санитарлық эпидемиялық режим дұрыс.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Барлық жағдайлар бойынша өмірлерді сақтау бойынша орталық мамандарының қатысуымен консилиум өткізілді. Барлық жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігіне талқыланып, нақты іс-әрекет жоспары құрылды. Тәуелсіз сараптама жүргізу үшін акушерлік гинекологиялық медициналық көмек үшін Еуропаның мықты еп саналатын Израиль мамандарын шақырып отырмыз, мәселе бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы