Елімізде адвокаттық қызмет туралы заң жобасы күшіне енеді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елімізде адвокаттық қызмет туралы заң жобасы күшіне енеді

  • 134
Елімізде адвокаттық қызмет туралы заң жобасы күшіне енеді

Адвокаттар енді міндетті алғашқы жарна төлемейді. Өйткені бірер күнде елімізде жаңартылған адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы заң жобасы күшіне енеді.

Бұған дейін бұл қызметті бастау үшін 1 млн теңге көлемінде жарна төлеу керек болатын. Мұндай қомақты сома көп мамандар үшін қолбайлау болды. Журналистерге сұхбат берген әділет министрлігі өкілдерінің айтуынша, жаңа құжат қабылданғалы бері еліміз бойынша жүзге жуық заңгер өтініш беріп қойған. Олардың дені жас мамандар. Заңның тағы бір жаңалығы бұл мұқтаж азаматтар тегін заңгер қызметіне жүгіне алады. Бұл жәй тегін кеңес емес, процесті бастан- аяқ өткізуге көмек. Алайда, бұл қызмет түрі заңгерлерге міндеттелмейді. Ал көлемін республикалық адвокаттар алқасы өздері анықтайды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, шетелде ақылы қызметпен қоса тегін көмек көрсеткен заңгерлер қоғамда сыйлы. Өйткені, бұл әлеуметтік жауапкершіліктің көрсеткіші саналады.

Бақтыгүл Атағазиева, ҚР Әділет министрлігі департаментінің басшысы:

- Бұл мәжбүрлі емес өз еркімен көрсетіледі. Қай азаматтарға қолданыстағы заңнамамен жеңілдіткер көрсетілген сол азаматтар 6 айдың мерзімінде құжаттар рәсімделіп, келісетін құжаттар әділет министрлігімен келіскеннен кейін қаңтар айынан бастап жүгіне алатын болады. Жергілікті жерлердегі адвокаттар алқасына жүгінеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде