356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында виртуалды музей ашылады

  • 148
Қостанай облысында виртуалды музей ашылады

Қостанай облысында биылғы жаңа оқу жылында виртуалды музей ашылмақ.

Федоров ауданы, Димитров орта мектебінде жасақталған өлкетану кабинеті – осындай жаңашыл бастамаға ұласты. Қазіргі таңда электронды мұражайдың мұрағат қоры толықтырылу үстінде. Мұнда 90 жылдық тарихы бар ауданның күллі саладағы жетістігі қамтылмақ. Музей ғаламтор пайдаланушылардың бәріне қолжетімді. Сондай-ақ аудандық кітапханада ашылған цифрлық шағын блок оқырмандар санын көбейтуге сеп. Себебі, бұрын мекеме қорындағы отыз бес мың кітап, ауыл тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыра алмайтын. Енді ақпарат іздеу үшін қалаға сабылудың қажеті жоқ.

Нарғыз Байшина, кітапханашы:

- Жылына кітапхананың екі мыңнан астам оқырманы болса, қазіргі таңда мұның саны көбейіп келе жатыр. Себебі, моноблоктарға келіп, өз жұмыстарын атқаратын жастар келеді, ауыл шаруашылығы колледжі студенттері осында келіп, рефераттар жазуға, курстық жұмыс жазуға мүмкіндігі кеңейді.

Хабар 24 телеарнасы