352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда құтқарылған қазақстандықтар елге жеткізіледі

  • 100
Қырғызстанда құтқарылған қазақстандықтар елге жеткізіледі

Қырғызстан тауларында қалып қойған туристерді эвакуациялау операциясы аяқталды.

Енді олар елге жеткізіледі. Қазір туристерді тасымалдайтын әуе көлігіне құжаттар рәсімделіп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше Бішкек қаласынан 40 шақырымдай жерде, Скрябин мұздығы ауданында бір топ саяхатшылар таудан құлаған тастардың астында қалып қойған еді. Салдарынан 3 қазақстандық азамат жарақат алып, біреуі опат болды. Қаза тапқан 42 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. Алдын ала дерек бойынша, тастың құлауына жер дүмпуі себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы